Лудоманияның (ойынға тәуелділіктің) алдын алу бойынша «Тәуелділікке қарсы идея» атты жобалар, идеялар мен ұсыныстар конкурсын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже жастар арасында лудоманияның (ойынға тәуелділіктің) алдын алуға бағытталған «Тәуелділікке қарсы идея» жобалар, идеялар мен ұсыныстар конкурсының мақсаттарын, міндеттерін, ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

1.2. Байқау І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Қазақстан Экологиялық қорының бірлесуімен өткізіледі.

1.3. Байқауға мектептердің жоғары сынып оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдері қатыса алады.

1.4. Жұмыстар электронды түрде қабылданады. Қорытынды материалдар конференцияда, дөңгелек үстелде, идеялар көрмесінде ұсынылуы мүмкін және әлеуметтік желілерде, БАҚ-та жарияланады.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

2.1. Байқаудың мақсаты – жастардың ойынға тәуелділікке деген тұрақты теріс көзқарасын қалыптастыру және лудоманияның алдын алу бойынша тиімді шешімдерді әзірлеу.

2.2. Байқаудың міндеттері:

  • Жастар мен қоғамның назарын лудомания мәселесіне және оның салдарына аудару;
  • Жастардың алдын алу саласындағы шығармашылық және зерттеу белсенділігін ынталандыру;
  • Жобалар, бастамалар мен ұсыныстар арқылы өзін-өзі шығармашылық тұрғыда көрсетуге жағдай жасау;
  • Салауатты өмір салты мен баламалы бос уақыт түрлеріне оң көзқарас қалыптастыру;
  • Лудоманияның алдын алу бойынша білім беру ұйымдарының, жастар ұйымдарының және БАҚ-тың күшін біріктіру.

3. Байқауға қатысушылар

  • мектептердің жоғары сынып оқушылары;
  • колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері;
  • жастар ұйымдары.

3.2. Қатысу форматы – жеке немесе команда құрамында (3 адамға дейін).

3.3. Бір қатысушыдан ұсынылатын жобалар саны – екіден артық емес.

4. Қатысу шарттары мен жұмыстарға қойылатын талаптар

  • Жұмыстың тақырыбы конкурс бағытына сәйкес болуы тиіс – лудоманияның алдын алу.
  • Әрбір жоба идеяның сипаттамасын, іске асыру механизмін, күтілетін нәтижені және әлеуметтік әсерді қамтуы тиіс (көлемі – 2–5 бет).
  • Қабылданатын түрлері: зерттеу жобасы, әлеуметтік бастама, іс-шара сценарийі, жастар саясатына арналған ұсыныс, білім беру бағдарламасы, медиа- және жарнамалық идеялар.
  • Жұмыстар түпнұсқа болуы тиіс және басқа конкурстарға бұрын қатыспаған.
  • Қатысу өтінімін мына электронды поштаға жолдау қажет: king_bara@mail.ru (Қосымша 1).

5. Байқауды өткізу тәртібі

  • Өтінімдер мен жобаларды қабылдау – 2025 жылғы «15» қыркүйектен «22» қыркүйекке дейін.
  • Қазылар алқасының жұмысы және финалистерді анықтау – 2025 жылғы «23» қыркүйектен «24» қыркүйекке дейін.
  • Идеяларды таныстыру және жеңімпаздарды марапаттау – 2025 жылғы «25» қыркүйек.

6. Бағалау критерийлері

  • байқау тақырыбына сәйкестігі;
  • өзектілігі және әлеуметтік маңыздылығы;
  • идеяның түпнұсқалығы мен креативтілігі;
  • практикалық іске асырылуы;
  • күтілетін әлеуметтік әсер;
  • шығармашылық тәсілдің болуы.

7. Қазылар алқасы

7.1. Қазылар алқасының құрамына ұйымдастырушылардың өкілдері, оқытушылар, психологтар, әлеуметтанушылар, жастар саясаты саласындағы мамандар кіреді.

7.2. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қаралмайды.

8. Жеңімпаздарды марапаттау

  • Байқау жеңімпаздарының үздік 10 жобасы ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
  • II және III орын иегерлеріне дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталады.
  • Сыйақы қоры – 200 000 (екі жүз мың) теңге.
  • Үздік жобалар идеялар онлайн көрмесінде көрсетіледі, әлеуметтік желілерде жарияланады және лудоманияның алдын алу бойынша ағартушылық материалдарда қолдану үшін ұсынылады.

9. Ұйымдастырушылық шарттар

  • Конкурсқа қатысу тегін.
  • Ұйымдастырушылар ұсынылған жобаларды ағартушылық және алдын алу мақсатында пайдалану құқығын өзіне қалдырады.
  • Байқау тақырыбына сәйкес келмейтін жұмыстар қаралмайды.
(Қосымша 1)

ӨТІНІМ

Лудоманияның алдын алу бойынша «Тәуелділікке қарсы идея» атты жобалар, идеялар мен ұсыныстар конкурсына қатысуға

  1. Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (немесе команда мүшелерінің): ____________________________
  2. Оқу орны / ұйым: ____________________________
  3. Жасы: ____________________________
  4. Байланыс телефоны, e-mail: ____________________________
  5. Жоба атауы: ____________________________
  6. Идеяның қысқаша сипаттамасы (5 сөйлемге дейін): ____________________________

Өтінім беру күні: «___» ____________ 2025 ж.

Экология и закон

Табиғат аясына шыққанда заңды бұзбау және табиғатқа зиян келтірмеу өте маңызды.

Міне, бұл мақсатты орындау үшін ескеретін бірнеше негізгі қағидалар:

Заңды бұзбау:

  • Ұлттық парктер мен қорықтарда ережелерді сақтау
  • Қорғалған табиғи аумақтарда заңсыз аң аулау мен балық аулауға тыйым салынған
  • От жағу және өрт қауіпсіздігі
  • Қоқыс пен қалдықтарды дұрыс жою
  • Көлік жүргізу ережелерін сақтау

Табиғатқа зиян келтірмеу:

  • Өсімдіктер мен ағаштарды қорғау
  • Жануарларды қорғау
  • Қоқыс пен қалдықтарды жинау
  • Өрт қауіпсіздігін сақтау
  • Табиғатқа зиянды химиялық заттарды қолданбау

Табиғат аясына шыққанда заңды және экологиялық талаптарды сақтау тек өзіміздің ғана емес, болашақ ұрпақтың да табиғатты пайдалану құқығын қорғауға көмектеседі.

Эко-отдых 1 Эко-отдых 2

Табиғат аясына демалысқа шыққанда, табиғаттың тазалығын сақтап, өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету маңызды.

Мұнда не істеуге болатыны және болмайтыны туралы бірнеше кеңес:

Не істеуге болады:

  • Табиғатты қорғау
  • Қалаусыз өсімдіктерді жоймау
  • Жол көрсеткіштер мен белгілерге құлақ асу
  • От жағып, қауіпсіздік шараларын сақтау
  • Шағын табиғат экскурсияларын өткізу
  • Қорықтарға және табиғат ескерткіштеріне құрмет көрсету

Не істеуге болмайды:

  • Қоқыс тастау
  • Өсімдіктер мен гүлдерді жұлу
  • Жануарларға зиян келтіру
  • Қорықтарды бұзу
  • Артық дыбыс шығару

Табиғат аясына шыққанда, адамдар мен табиғат арасындағы үйлесімді сақтап, табиғатқа құрмет көрсету ең маңызды нәрсе.

ДЕСЯТИЛЕТИЕ НАУКИ И ТЕХНОЛОГИЙ В РОССИЙСКОЙ ФЕДЕРАЦИИ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Всероссийский конкурс научно-исследовательских работ и практических разработок в области противодействия коррупции

НАУКА ПРОТИВОДЕЙСТВИЯ КОРРУПЦИИ

НИИ государственной антикоррупционной политики при МГУ имени М.В.Ломоносова приглашает профессорско-преподавательский состав, молодых ученых, студентов и аспирантов Вашего вуза принять участие в ежегодном Всероссийском конкурсе научно-исследовательских работ и практических разработок в области противодействия коррупции, в рамках решения задач Десятилетия науки и технологий в Российской Федерации.

На Конкурс могут быть представлены выпускные квалификационные работы и курсовые проекты в области противодействия коррупции, подготовленные в рамках обучения по программам высшего образования, а также опубликованные научные статьи и практические разработки по вопросам, связанным с противодействием коррупции за календарный год, предшествующий объявлению конкурса. Прием конкурсных работ и сопроводительных документов участников конкурса осуществляется до 1 сентября 2025 года.

В качестве председателя Организационного комитета конкурса выступает известный российский исследователь, научный руководитель НИИ государственной антикоррупционной политики при МГУ имени М.В.Ломоносова, автор научной концепции современных моделей государственной антикоррупционной политики и разработчик Национальной базы научно-исследовательских, учебно-методических работ и практических разработок в области противодействия коррупции Шорохов Вячеслав Евгеньевич:

– Начиная с этого года конкурс проводится с международным участием и на экспертную оценку могут заявляться конкурсные работы, выполненные на русском языке, по линии сотрудничества МГУ с иностранными организациями в сфере образования и науки, а также межвузовского научно-образовательного взаимодействия государств – участников СНГ. Конкурс «Наука противодействия коррупции» является официальным ежегодным мероприятием Десятилетия науки и технологий в Российской Федерации и реализуется вплоть до 2031 года в составе Инициативы «Наука побеждать». Он активно поддерживается и освещается на информационных ресурсах российских федеральных и региональных СМИ, сайтах региональных министерств образования и науки, исполнительных органов государственной власти, ответственных за профилактику коррупции, ведущих научных и образовательных организаций, в научных студенческих сообществах и сообществах молодых ученых, профессиональных и экспертных объединениях и т.д.

С этого же года в рамках конкурса мы ввели новую номинацию – практические разработки. В этой номинации от вуза на конкурс могут быть представлены, например, рабочие программы в области противодействия коррупции, программы повышения квалификации, внутривузовские или реализуемые совместно с органами госвласти антикоррупционные проекты, в том числе студенческие, а также только разрабатываемые проекты, которые обладают необходимым уровнем практической значимости и могут быть внедрены в деятельность различных организаций.

Традиционно от студентов и аспирантов на конкурс принимаются выпускные квалификационные работы, курсовые проекты и научные статьи по вопросам противодействия коррупции, подготовленные в рамках обучения по программам бакалавриата, специалитета и магистратуры. Участникам конкурса, помимо возможности стать победителем в своей номинации, предоставляется также возможность заявить свою работу для включения в Национальную базу научно- исследовательских, учебно-методических работ и практических разработок в области противодействия коррупции и стать стажером-исследователем научной школы на базе НОЦ «Комплаенс» МГУ.

Итоги конкурса будут объявлены в Международный день борьбы с коррупцией – 9 декабря.

Приглашаем к участию в конкурсе и желаем всем участникам только победы!

Информационная страница конкурса: наука.рф
Научная сеть МГУ: Официальная страница конкурса в сети «Ломоносов»

Пресс-конференция

«StopLudomania» жобасының басталуы туралы баспасөз конференциясы

📅 Күні: 2025 жылғы 13 маусым

🕚 Уақыты: 11:00 (Астана уақыты бойынша)

📍 Форматы: Онлайн (Zoom платформасы арқылы)

Ұйымдастырушы:
«Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қоры
Қолдауымен: «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ
Қаржыландыру: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Іс-шара тақырыбы:
Жастар арасында лудоманияның алдын алу бойынша әлеуметтік жобаның басталуы.

Мақсаттары:

  • Жобаның мақсаттары мен міндеттері жөнінде жұртшылықты хабардар ету.
  • Жоспарланған іс-шаралар мен кезеңдерін таныстыру.
  • Серіктестер мен сарапшыларды таныстыру.
  • Сұрақтарға жауап беру.

Компоненттер:

  • Ақпараттық материалдарды тарату
  • Оқу орындарында тренингтер мен дәрістер өткізу
  • Психологиялық кеңес беру қызметін іске қосу
  • Психологтар мен жастар көшбасшыларын тарту

Спикерлер:
1. Айгүл Қадесовна Абдуалиева
2. Бархудар Шахгусенович Гусенов
3. Психологтар, мамандар және жастар белсенділері

Байланыс:
📧 mae_astana@mail.ru
📞 +7 (771) 072-47-90
📞 +7 (708) 931-07-89

StopLudomania жобасы аясындағы іс-шаралар

«Лудоманияның отбасылық қарым-қатынастарға әсері» тақырыбында кездесу өтті

Іс-шара барысында отбасы құндылықтары, рухани кемелдену, білімге деген ұмтылыс мәселелері талқыланды.

Толығырақ инстаграмда

2025 жылдың 16 мамыр күні Талдықорған қаласы Инновациялық колледжінде кездесу өтті

📌 Кездесу барысында Лудомания тақырыбы айқындалып, қазіргі таңда көптеген адам онлайн-казино мен бәс тігу ойындарына тәуелді болып жатқандығы, бұл — тек ақша жоғалту емес, психологиялық және әлеуметтік мәселелердің бастамасы және отбасылық қарым-қатынасты бұзуына, қарызға, адамның болашағына балта шабатындығы туралы түсіндіріліп, талқыланды.

Сонымен қатар, әртүрлі психологиялық жағдаяттар талданып, соңында білімгерлер өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Қатысушылар саны: 300 адам.

Толығырақ инстаграмда

StopLudomania жобасы аясында халықаралық алаң ұйымдастырылды

«Қазақстан жастары арасында лудоманияның алдын алу бойынша кешенді шаралар» жобасы аясында @zhetysu.university және «Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен бірге халықаралық іс-шара өтті.

Іс-шарада дөңгелек үстел, инклюзивті этно-көрме, фестиваль-конкурс өткізілді. Қатысушылар: шамамен 1500 адам, соның ішінде Өзбекстан, Ресей, Түркия және Қазақстан өңірлерінен келген қонақтар. Ұйымдастыруды StopLudomania еріктілері жүзеге асырды.

Толығырақ инстаграмда

21.05.2025 ж. Талдықорған жоғары аграрлық-технологиялық колледжінде кездесу өтті

Кездесуді І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің психологы Г.Б. Исламжанова өткізді. Ол қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі — құмар ойындарға тәуелділік тақырыбын көтерді. Іс-шараға 400-ден астам студент қатысты.

📌 Кездесудің мақсаты — жастардың лудоманияға қатысты тәуекелдерге саналы көзқарасын қалыптастыру және оның салдары туралы хабардарлық деңгейін арттыру.

  • Лудомания деген не және оның белгілері қандай;
  • Құмар ойындар неліктен әуестендіріп әкетеді;
  • Дұрыс әдеттерді қалай қалыптастыруға және тәуелділіктерге қалай қарсы тұруға болады;
  • Қайда көмек сұрап жүгінуге болады.

Жастар тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, белсенді түрде талқылауға қатысып, сұрақтар қойды.

Толығырақ инстаграмда

@zhansugurov___college студенттері үшін семинар-тренингтер апталығы өткізілді

Қатысушылар саны: 210 адам.

Толығырақ инстаграмда